суббота, 20 апреля 2013 г.

Достық...Достарым - сендерсiндер коз куанышым!!!


      Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық.Ары таза мәнгі дос мәнді өмір сүреді. Досының адалдығы қарым-қатынасының оданда бетер ұлғайта түседі.Әр адам досына сырында, мұңында айта алады. Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен еңбектенбеуіміз керек. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.
 

Арка суйер достарыммен мактанамын!!!


Дос дегенің өкпе менен бауырың,
Білесің бе дос жолының ауырын.
Достық деген-адамның көрігі екен,
Достық деген- ақылдың серігі екен.




Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. 
   Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі.Қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет. 

Дос болам десең,
Досымды сыйла, қымбаттым!
Досыңа сонда,
Досыммен ғана қымбатпын.
Дос болам десең,
Мендегі доспен достасқан,
Сендегі доспен дос болып сонда тұрмақпын.




Комментариев нет:

Отправить комментарий