вторник, 23 апреля 2013 г.

Қазақ киносы.

    Қазақ киносы. Алғашқы атау сөйлемнің-ақ бір-бірлеріне мүлде кереғар жүздеген әсер тудырғанына күмәнім жоқ. «Үмбетімнің кейбір мәселелерде әртүрлі көзқараста болуы — рақымдылық» деген екен сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.). Қоғам өміріне қандай да бір қатысы бар кез келген мәселенің қилы пікір, оқшау ойлар, сан түрлі көзқарасқа негіз болғаны ләзім. Алайда, ой-безбен мен сөз-көкпарға салынатын нысанның табиғатын танып алу, кемшілігі мен артықшылығын таразылаудан бастау бас қатырған мәселені салқынқандылықпен шешуге көмектесер еді. Біздің талқымызға жем болған бұл тақырып — бұған дейін де талай таразыға түсіп, сан електен өтіп жүрген дүние. Аузын ауыртып, сиясын тауысуға ерінбеген алуан түрлі адамды бейжай қалдырмаған нысана.
Түсінетіні бар, түйсінбейтіні бар, ұғатыны мен ұқпайтыны бар — барлығы қазақ киносын талқылауда көрініп қалуға тырысты. Бірі ашына айғайлады, бірі салмақпен сараптады. Күңірене түңілгендер де, келешектің көгілдір көкжиегіне сеніммен қарағандар да кездесті. Не дегенмен қазақ киносы және оны жасаушылар соңғы жылдары бірде сүрлеуге, бірде соқпаққа түсіп жүр.
Белгілі жазушы, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының бас редакторы Дидар Амантай: «Қазақ киносында екі проблема бар. Біреуі — Ермек Тұрсынов. Екіншісі — Еркін Рақышев. Біріншісіндегі мәселе — көрерменде, екіншісіндегі мәселе – режиссерде» деген болатын. Бұл жерде бар мәселе аты аталған екі режиссерге тіреліп тұрған жоқ. Жалпы қазақ киносының қазіргі даулы дәуіріне басты себеп — киноны жасаушылар мен киноны тұтынушылардың, яғни көрермендердің арасындағы байланыстың болмауында. Шықты деп сыбыс тарап, көк базарда «қарақшылардың» қолынан дискісін алып көргеннен бастап көрерменнің ыстық ықыласын жаулап алатын туындылар кинотанушылар мен сыншылардың өткір найзасына ілінеді. Ал киномамандар мақтаған, әлемдік деңгейде марапатталған дүниелер көпшілік қарапайым халықтың қаһарына ұшырайды.Кино тағдырын шешетін құдірет – қашанда қалың көрермен. Оның ішінде де 16 мен 30 арасындағы жастар. Қалтасынан ақша шыға­рып, кинотеатрға барып тұратын сол көрермен талабы қазақ киносын экшн жанрына бейімдеуге мәжбүр етті. Өйткені сен шығарған өсуі жоқ өнімді өзге тұрмақ, өз жастарың көрмейді. Қалың бұқара көрмесе, киноңыз қанша шедевр болса да касса жинамайды, касса жинамайды екен, режиссер ағаш атқа теріс отырғызылады. “Үкімет қаржысын желге шашқан”, деген айып тағылып, ол пақыр келесі фильм алу арманымен қоштасады. Немесе білек сыбанып басшылық­пен қызыл кеңірдек айтысқа шығады. Өкінішке қарай кино дегеніміз – көкбет коммерция мен періште өнердің бір арбаға жегілуі. Фильм қаржылық табысқа жетпесе өнер де болса өлгені. Бұл әрине, шынайы өнер үшін жасалған “авторлық киноға” әбден обал. Бірақ ащы шын­дық осы. Тәжірибе көрсеткендей, коммер­ция­­лық тұрғы­дан прокатта отандық кино өзін-өзі ақтау үшін ел тұрғындарының саны 50 мил­­лионнан асуы керек екен. Мысалы, халық саны 150 миллион­нан асатын Ресей үшін касса алынбайтын асу емес. Тек тұшымды фильмдер түсіре біл.

1 комментарий:


  1. Я не смог бы закрыть свой первый дом без мистера Бенджамина Ли! Бенджамин и его команда сделали для меня все возможное в этой сделке. он с легкостью справился с моей очень трудной сменой времени и всегда был доступен для меня, когда у меня были вопросы (а у меня их было много), даже когда он был вдали от офиса, что я очень ценил! он и его команда уладили множество споров с продавцом в последнюю минуту и ​​неустанно работали, чтобы убедиться, что я смогу закрыть до истечения срока аренды (и моей помощи по первоначальному взносу, если на то пошло). г-н Бенджамин - невероятно знающий кредитный специалист, вежливый и терпеливый. Я просмотрел пару предложений по недвижимости перед моей последней покупкой, и Бенджамин был там, чтобы помочь с каждым из них, часто координируя свои действия с моим агентом за кулисами. я чувствовал поддержку на протяжении всего процесса. Благодаря Бенджамину и неустанным усилиям его команды, теперь я горжусь своим домовладельцем! Я бы посоветовал вам рассмотреть возможность получения любого вида ссуды на Бенджамина Бриэля Ли. Контактная информация Бенджамина Ли через WhatsApp + 1-989-394-3740 по электронной почте 247officedept@gmail.com

    ОтветитьУдалить