пятница, 19 апреля 2013 г.

Көктем – нәзік мезгіл.


   Көктем – жаңарудың, түлеудің мезгілі. Егер мезгілдердің ішінен бірін таңдап алып, оны сұлулықтың, әдеміліктің, бекзадалықтың символикалық белгісі деп бағалайтын болсақ, ол – көктем! Сазгерлердің әніне, ақындардың жырына арқау болған, суретшілердің сүйрік те жүйрік қаламынан ғаламат пейзаж туғызған әсерлі көктем! Бұл мезгілде айналамен қоса, арулар да құлпыра, жайнай түседі. Қысқы ызғардан қысастық көрген хас сұлулар мен жас сұлулар бар, жалпы адамзат жеңіл киініп, маңдайын торлаған мұңнан арыла бастайды. Оған себепші жасыл мезгілдің нұрлы да шуақты, жайдары күндері...




















Комментариев нет:

Отправить комментарий