суббота, 20 апреля 2013 г.

Асыл жарым - Асылжаным!!!

 Асыл жар, аяулы жар, құдай қосқан,
Өзіңсіз көңілімді мұнар басқан.
Егер де сен болмасаң, көкте күн мен,
Көгімде күлімсіреп тұрар ма аспан?!

    Махаббат екі адамға ортақ, екеуінен бірдей туатын сезім.Махаббат сезімі екі адамда бірдей пайда болса, оның келешекте дами түсуі ,өмір бойы үзілмеуі, сарқылмауы табиғи нәрсе. Махаббат алғашқы сыйластықтан басталады.Менiн жарыма деген махаббатым осы сыйластыктан басталды.Аллага мын да бiр шукiр кудай коскан жан-жарым оте сабырлы,иманы берiк,акылды жан.Есiмi - Асылжан.Асыл десе асыл жан гой шiркiн.Отбасында жалгыз ул болгандыктанба киын сатте ешнарсеге сес бермей,киналганын бiлдiртпей,кашанда куанышты жузiмен  еркелетiп, аялай бiлетiн жар.
   Аллаһ тағала бұл дүниеде әрбір тіршілік иесін жұп- жұбымен жаратқаны белгілі. Соның ішінде ақыл- ес, сана-сезім берілген адам баласының жұпсыз өмір сүруі ерсі секілді. Сондықтан да етек- жеңін жиып, әр ісіне жауап беретін адамның өзіне лайықты жар іздеуі құптарлық.Себебі, бұл өмірдің мәнісі де, нығметі мен берекесі де сүйікті жарыңыз. Жар таңдау көбінесе ер азаматтардың жұмысы.Сонда да әрбiр ару жар тандаганда жанылмауы тиiс. 
Әркімнің мінген аты - өзіне тұлпар, әркімнің сүйген жары - өзіне сұңқар, - деген соз ертеден айтылып келе жатыр.
«Ғашық етер қос жанды сезім дейді, жүрегім алып-ұшып сені іздейді»
«Махаббатың жебесі жүрегіме қадалды, өмірімнің бар мәні сол сезімнен нәр алды»
«Жүрегімде жазулы тұр есімің, енді өзің айт, сүйген сәулем, шешімін»
«Ғашықпын мен, шын ғашықпын өзіңе, сенші сәулем, жүрекжарды сөзіме».
      «Әркім сүйгенімен бірге». Бұл – пайғамбар сөзі.Аркашанда суйген жанымыз касымыздан табылсын.Отбасымызды сактай бiлу тек бiздiн колымызда аяулы жандар...Отбасы бакытын ешнарсе алмастыра алмайды,соны аркашан есте устайык.
Жарыңның қабағына мұң түсірме,
Бақыт бар уайым жоқ, шат пішінде.
Жүрегіңде мейірім, иман болса,
Қадірлейді жар түгіл, жат кісің де.

Комментариев нет:

Отправить комментарий