Қазақ киносы. Алғашқы атау сөйлемнің-ақ бір-бірлеріне мүлде кереғар жүздеген әсер тудырғанына күмәнім жоқ. «Үмбетімнің кейбір мәселелерде әртүрлі көзқараста болуы — рақымдылық» деген екен сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.). Қоғам өміріне қандай да бір қатысы бар кез келген мәселенің қилы пікір, оқшау ойлар, сан түрлі көзқарасқа негіз болғаны ләзім. Алайда, ой-безбен мен сөз-көкпарға салынатын нысанның табиғатын танып алу, кемшілігі мен артықшылығын таразылаудан бастау бас қатырған мәселені салқынқандылықпен шешуге көмектесер еді. Біздің талқымызға жем болған бұл тақырып — бұған дейін де талай таразыға түсіп, сан електен өтіп жүрген дүние. Аузын ауыртып, сиясын тауысуға ерінбеген алуан түрлі адамды бейжай қалдырмаған нысана.
Түсінетіні бар, түйсінбейтіні бар, ұғатыны мен ұқпайтыны бар — барлығы қазақ киносын талқылауда көрініп қалуға тырысты. Бірі ашына айғайлады, бірі салмақпен сараптады. Күңірене түңілгендер де, келешектің көгілдір көкжиегіне сеніммен қарағандар да кездесті. Не дегенмен қазақ киносы және оны жасаушылар соңғы жылдары бірде сүрлеуге, бірде соқпаққа түсіп жүр.
Белгілі жазушы, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының бас редакторы Дидар Амантай: «Қазақ киносында екі проблема бар. Біреуі — Ермек Тұрсынов. Екіншісі — Еркін Рақышев. Біріншісіндегі мәселе — көрерменде, екіншісіндегі мәселе – режиссерде» деген болатын. Бұл жерде бар мәселе аты аталған екі режиссерге тіреліп тұрған жоқ. Жалпы қазақ киносының қазіргі даулы дәуіріне басты себеп — киноны жасаушылар мен киноны тұтынушылардың, яғни көрермендердің арасындағы байланыстың болмауында. Шықты деп сыбыс тарап, көк базарда «қарақшылардың» қолынан дискісін алып көргеннен бастап көрерменнің ыстық ықыласын жаулап алатын туындылар кинотанушылар мен сыншылардың өткір найзасына ілінеді. Ал киномамандар мақтаған, әлемдік деңгейде марапатталған дүниелер көпшілік қарапайым халықтың қаһарына ұшырайды.Кино тағдырын шешетін құдірет – қашанда қалың көрермен. Оның ішінде де 16 мен 30 арасындағы жастар. Қалтасынан ақша шығарып, кинотеатрға барып тұратын сол көрермен талабы қазақ киносын экшн жанрына бейімдеуге мәжбүр етті. Өйткені сен шығарған өсуі жоқ өнімді өзге тұрмақ, өз жастарың көрмейді. Қалың бұқара көрмесе, киноңыз қанша шедевр болса да касса жинамайды, касса жинамайды екен, режиссер ағаш атқа теріс отырғызылады. “Үкімет қаржысын желге шашқан”, деген айып тағылып, ол пақыр келесі фильм алу арманымен қоштасады. Немесе білек сыбанып басшылықпен қызыл кеңірдек айтысқа шығады. Өкінішке қарай кино дегеніміз – көкбет коммерция мен періште өнердің бір арбаға жегілуі. Фильм қаржылық табысқа жетпесе өнер де болса өлгені. Бұл әрине, шынайы өнер үшін жасалған “авторлық киноға” әбден обал. Бірақ ащы шындық осы. Тәжірибе көрсеткендей, коммерциялық тұрғыдан прокатта отандық кино өзін-өзі ақтау үшін ел тұрғындарының саны 50 миллионнан асуы керек екен. Мысалы, халық саны 150 миллионнан асатын Ресей үшін касса алынбайтын асу емес. Тек тұшымды фильмдер түсіре біл.
вторник, 23 апреля 2013 г.
суббота, 20 апреля 2013 г.
Жаксы келiн,адал жар бола бiлу,бір шаңырақтың шырағына айналу - арбiр казак кызына тан мiндет.

Жаңа шаңырақтың табалдырығын аттаған келіндерін ата-бабаларымыз құрмет тұтқан. Оларды өз ұрпағын өрбітіп-өркендетіп, кеңейтуші ырысы, құт-берекесі санаған. Егер жас келін өз басының тазалығы мен жарасымдылығын былай қойғанның өзінде ұстаған үйі, қазан-аяғына дейін мұнтаздай кіршіксіз болып, өзі он саусағынан өнері тамған ісмер, бармағынан бал тамған аспаз болса, нұр үстіне нұр. Ондай келіні бар үй көпке – үлгі, ауылға сыйлы болады. Үлкендер құрмет тұтып, жастарға үлгі етеді. Келін – бір шаңырақтың шырағы. Ағайын-туманың ортасында берекесін асырып, жаманын жасырып, жақсылығын елге паш ететін де – бір өзі. Біз қанша жерден келін деп айтқанымызбен, ол да – бір әулеттің әлпештеп өсірген аяулы қызы. Өскен-өнген жері қандай болса, алған тәрбиесі, көрген өнегесі де сондай болмақ.
Келіннің жаңа жерге келуі, сол ортаға үйренісуі, көп жағдайда, сол үйдің мүшелеріне де байланысты. Келгеннен-ақ құшақ жая қарсы алып, оң қабақ танытып, білместігіне кешіріммен қарайтын болса, ол келіннің әулетке сіңіп кетуіне негіз болады.«Қызым – келіннен, ұлым елімнен ғибрат алып өседі» деп ұрпағынан жақсылық күтетін халықпыз. «Қыз бала – жатжұрттық» дегенді де атам қазақ бекерге айтпаған. Жас қыз ертең-ақ бойжетіп, балиғатқа толып, бір үйдің табалдырығын келін болып аттары сөзсіз.
«Келіннің аяғынан…» деп барған жері жас келінге сын көзбен қарайды. Отбасындағы әже, аналарынан тәлімді тәрбие алған қыз бала барған жеріне «судай сіңіп, тастай батып», ауыл-аймаққа қадірлі болып кетеді. Бір әулеттің түтінін түтетіп, шаңырағын биіктете түсу – үлкен жауапкершілік. Мұны келін болатын болашақ қыздарымыз терең сезінулері қажет. Жас келіннің көтерер жүгі қашанда ауыр. Қайын ата, қайын ене, қайын сіңлі, қайын інілермен тіл табысу да шеберлікті қажет етеді. Оң жақтағы қыз баланы «ертеңгі күнгі – келін, ерін сыйлар – адал жар, ана, ақыл айтар – жеңге, тату болар абысын» деп ұлттық тәрбиені өн бойына дарыта білу де оңай іс емес.Біз – текті халықпыз. Соны еш уақытта естен шығармай, ата-бабамыздың аманатына қашанда адал болуымыз керек.
Асыл жарым - Асылжаным!!!
Асыл жар, аяулы жар, құдай қосқан,
Өзіңсіз көңілімді мұнар басқан.
Егер де сен болмасаң, көкте күн мен,
Көгімде күлімсіреп тұрар ма аспан?!
Махаббат екі адамға ортақ, екеуінен бірдей туатын сезім.Махаббат сезімі екі адамда бірдей пайда болса, оның келешекте дами түсуі ,өмір бойы үзілмеуі, сарқылмауы табиғи нәрсе. Махаббат алғашқы сыйластықтан басталады.Менiн жарыма деген махаббатым осы сыйластыктан басталды.Аллага мын да бiр шукiр кудай коскан жан-жарым оте сабырлы,иманы берiк,акылды жан.Есiмi - Асылжан.Асыл десе асыл жан гой шiркiн.Отбасында жалгыз ул болгандыктанба киын сатте ешнарсеге сес бермей,киналганын бiлдiртпей,кашанда куанышты жузiмен еркелетiп, аялай бiлетiн жар.
Аллаһ тағала бұл дүниеде әрбір тіршілік иесін жұп- жұбымен жаратқаны белгілі. Соның ішінде ақыл- ес, сана-сезім берілген адам баласының жұпсыз өмір сүруі ерсі секілді. Сондықтан да етек- жеңін жиып, әр ісіне жауап беретін адамның өзіне лайықты жар іздеуі құптарлық.Себебі, бұл өмірдің мәнісі де, нығметі мен берекесі де сүйікті жарыңыз. Жар таңдау көбінесе ер азаматтардың жұмысы.Сонда да әрбiр ару жар тандаганда жанылмауы тиiс.
Әркімнің мінген аты - өзіне тұлпар, әркімнің сүйген жары - өзіне сұңқар, - деген соз ертеден айтылып келе жатыр.
«Ғашық етер қос жанды сезім дейді, жүрегім алып-ұшып сені іздейді»
«Махаббатың жебесі жүрегіме қадалды, өмірімнің бар мәні сол сезімнен нәр алды»
«Жүрегімде жазулы тұр есімің, енді өзің айт, сүйген сәулем, шешімін»
«Ғашықпын мен, шын ғашықпын өзіңе, сенші сәулем, жүрекжарды сөзіме».
«Әркім сүйгенімен бірге». Бұл – пайғамбар сөзі.Аркашанда суйген жанымыз касымыздан табылсын.Отбасымызды сактай бiлу тек бiздiн колымызда аяулы жандар...Отбасы бакытын ешнарсе алмастыра алмайды,соны аркашан есте устайык.
Жарыңның қабағына мұң түсірме,
Бақыт бар уайым жоқ, шат пішінде.
Жүрегіңде мейірім, иман болса,
Қадірлейді жар түгіл, жат кісің де.

Достық...Достарым - сендерсiндер коз куанышым!!!
Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық.Ары таза мәнгі дос мәнді өмір сүреді. Досының адалдығы қарым-қатынасының оданда бетер ұлғайта түседі.Әр адам досына сырында, мұңында айта алады. Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен еңбектенбеуіміз керек. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.
![]() |
Арка суйер достарыммен мактанамын!!! |
Білесің бе дос жолының ауырын.
Достық деген-адамның көрігі екен,
Достық деген- ақылдың серігі екен.
Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі.
Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі.Қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет.
Дос болам десең,Досымды сыйла, қымбаттым!
Досыңа сонда,
Досыммен ғана қымбатпын.
Дос болам десең,
Мендегі доспен достасқан,
Сендегі доспен дос болып сонда тұрмақпын.
Журегiме жакын - акиык акын Мукагали...
М.Мақатаев поэзиясы жұмыр жердің барлық мәселесіне араласқан, кең, ауқымды тақырыпты қамтиды. Оның туған жер, адамдар тағдыры, өмір мен өлім, ана мен бала, ақын мен ақындық, соғыс тауқыметі т.б. тақырыптағы лирикасы қайталанбас ұлттық сипатта, ұлттық зермен кестеленген.Ақын тұрмыс тауқыметін тарта жүріп, әпербақан сынға ұшырағанда да "Ақынның ақындығы атақта емес, арда ғана" деген байламды берік ұстап, шен-шекпенге де, лауазым-атаққа да қызықпаған.
Поэзия – азабы мол ауыр жол. Егер ол сіздің жүрегіңізге бірден ұялай қалса, одан келіп, тіліңізге үйірілсе, қапас ойдан қарғып шығуға ұмтылса, бір сөзбен айтқанда, сізді біртүрлі мазасыздыққа душар етсе, ондай жыр, сізге оп-оңай көрінгенімен, оңайлықпен жетпегенін түсінсеңіз болғаны.Ұшқан құс ұясын іздейді. Ал ақынның ұясы – халық. Өзге туралы ма, өзі туралы ма, тіптен өмірде бар нені болса да жырға арқау етерінде, ақын қыбыласын халыққа қарап түзейді. Бұл – оның еркімен де, еркінен тыс та жасалып жататын шарт. Ақынның жекеменшік қазынасы жоқ. Оның үні мен тілі, поэзияға керек қару-жарағы – барлығы халықтікі.
Поэзия – ғылым. Ол өзінің түрі мен мазмұнына, ырғағы мен ұйқасына, жалпы бойына түр жаңалықтарымен ажарланып, қайта туып, мәңгілік құбылып отыратын ғылым. Ол – адам баласының сезіну, ойлау, тіптен қиялдау процесінің ең жоғарғы сатысы.
Мұқағали — өзіне дейінгі өлең өру мен жыр сомдаудағы қазақ халқының ұлттық мектептері мен дәстүрлерін жалғап қана қоймай, оны жан-жақты дамытқан, тереңдеткен, қазақтың өлең-сөзін жаңа заңғарларға көтерген, жаңа кеңістіктерге алып шыққан жиырмасыншы ғасырдың санаулы саңлақтарының бірі, ақынның өз сөзімен айтқанда:
«...Ақынмын деп қалай мен айта аламын, Халқымның өз айтқанын қайталадым.
Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып өзіне қайтарамын, — деген ерен жырдың жаратушысы, Ұлы түлға, Ұлы ақын.
Поэзия! Менімен егіз бе едің
Сен мені сезесің бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім.
Сені іздедім кездескен адамдардан,
Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан.
Шырақтардан, оттардан, жалаулардан
Сені іздедім жоғалған замандардан...
... Сені іздедім. Ӏздеймін тағат бар ма?
Сені маған егіз ғып жаратқан ба?»
Әзiл окып куле отырыныз...
Әскерде борышын өтеп жүрген жігіт ауылдағы қызынан хат алады:
"Мен сені күте алмаймын. Басқа жігітке күйеуге шығатын болдым.
Суретімді қайтарып бер".
Жігіттің жауабынан: "Айналайын, маған сен сияқты қыздардың
талайы хат жазды. Мен саған мына отыз қыздың суретін жіберіп
отырмын, арасынан өзіңдікін тауып ал да, қалғандарын өзіме қайтарып бер".
***
- Папа, мыстандар өмірде жоқ қой, иә?
Әкесі әйелі жаққа бір қарап:
- Кішкентай кезімде мен де солай ойлағам.
***
- Мам, мектепте кеш болады. Бриллианттарымды таксам бола ма?
- Жок, болмайды!
- Неге болмайды? Бриллиантты жана жылда сыйлады, «ферраридi» 8 наурызга,7-8 iшiктi туган кунiме сыйлады. Бiрак алi ешкайсысын киюге болмайды. Кашан кием, кашан пайдаланам сонда?
- Акен зейнетке шыкканда руксат, ал азiрге сенiн акен карапайым гаишник-сондыктан болмайды.
***
Бiр кунi куйеуi далага шыгып кетсе, айелi смс жазып жiберiптi "гриль" сатып ала келшi деп. куйеуi "целую" деген смс жазып жiберiптi. айелi маз болып "жаным я тоже целую, люблю тебя" деп жазып жiберсе, куйеуi звондап "ЕЙ КАТЫН НЕ АЛЖЫП ЖАТЫРСЫН,МЕН САГАН ЦЕЛУЮ ИЛИ ПОЛОВИНКУ АЛАЙЫН БА ДЕП ЖАТЫРМЫН"дептi.
***
Бір күні бір ауылдағы қыз - мама мен қаладағы оқуға барамын, оқимын депті. Мамасы - ей сен оқуыңа барасың ғой бірақ кимің жоққой депті. Қоя беріңізші мама әжемнің кимін киіп барамын ғой депті. Бірақ қызым ол модадан қалғанына 100 жыл болды ғой дейді, сол кезде қызы қоя беріңізші мама қазыр қайтадан мода деп қызы киіп алып қалаға оқуға кетеді. Ол қыз алматыға оқуға келеді. Қыз астановкыде тұрып - ойййй мына алматының ыстығынай қарайып кеттік,- депті. Өзі аппақ адам сияқты. Сол кезде бір жігіт қыздың аяғын басып кеткенде - кешіріңіз ауырған жоқпа десе қыз - қоябер ауылда күніге сиыр басып жүрген аяқ депті…
***
Бiр заманда орыс пен казак коршi турыпты. Орыс казакша, казак орысша бiлмептi. Бiр кунi конак жай казак орысты уйiне конакка шакырыпты. Орыс казактын уйiне келiп дастарханда ештене жемей отырыпты. Сосын казак “уялмай жей бер” дегендi калай айтарын бiлмей, орыска “ешь, ешь как тебе не стыдно” дептi. Орыс одан сайын ештене жемей бiр орында отыра берiптi. Сосын казак ойлапты “мумкiн буган кой сойып беру керек шыгар деп”. Сосын оны калай айтарын бiлмей орыска “я тебя как баран зарежу” дептi. Орыс орнынан тура салып кашып бара жатса. “Ары-берi откенде келiп тур” дегендi калай айтарын бiлмей , кашып бара жаткан орыска “туда-сюда пройдешь, все равно поймаю”дептi.
"Мен сені күте алмаймын. Басқа жігітке күйеуге шығатын болдым.
Суретімді қайтарып бер".
Жігіттің жауабынан: "Айналайын, маған сен сияқты қыздардың
талайы хат жазды. Мен саған мына отыз қыздың суретін жіберіп
отырмын, арасынан өзіңдікін тауып ал да, қалғандарын өзіме қайтарып бер".
***
- Папа, мыстандар өмірде жоқ қой, иә?
Әкесі әйелі жаққа бір қарап:
- Кішкентай кезімде мен де солай ойлағам.
***
- Мам, мектепте кеш болады. Бриллианттарымды таксам бола ма?
- Жок, болмайды!
- Неге болмайды? Бриллиантты жана жылда сыйлады, «ферраридi» 8 наурызга,7-8 iшiктi туган кунiме сыйлады. Бiрак алi ешкайсысын киюге болмайды. Кашан кием, кашан пайдаланам сонда?
- Акен зейнетке шыкканда руксат, ал азiрге сенiн акен карапайым гаишник-сондыктан болмайды.
***
Бiр кунi куйеуi далага шыгып кетсе, айелi смс жазып жiберiптi "гриль" сатып ала келшi деп. куйеуi "целую" деген смс жазып жiберiптi. айелi маз болып "жаным я тоже целую, люблю тебя" деп жазып жiберсе, куйеуi звондап "ЕЙ КАТЫН НЕ АЛЖЫП ЖАТЫРСЫН,МЕН САГАН ЦЕЛУЮ ИЛИ ПОЛОВИНКУ АЛАЙЫН БА ДЕП ЖАТЫРМЫН"дептi.
***
***
Бiр заманда орыс пен казак коршi турыпты. Орыс казакша, казак орысша бiлмептi. Бiр кунi конак жай казак орысты уйiне конакка шакырыпты. Орыс казактын уйiне келiп дастарханда ештене жемей отырыпты. Сосын казак “уялмай жей бер” дегендi калай айтарын бiлмей, орыска “ешь, ешь как тебе не стыдно” дептi. Орыс одан сайын ештене жемей бiр орында отыра берiптi. Сосын казак ойлапты “мумкiн буган кой сойып беру керек шыгар деп”. Сосын оны калай айтарын бiлмей орыска “я тебя как баран зарежу” дептi. Орыс орнынан тура салып кашып бара жатса. “Ары-берi откенде келiп тур” дегендi калай айтарын бiлмей , кашып бара жаткан орыска “туда-сюда пройдешь, все равно поймаю”дептi.
пятница, 19 апреля 2013 г.
Бал махаббат жане шынайы махаббат.
Философиялык ой-тужырымдамаларга суйенсек махаббатты екi карапайым затка тенеуге болады екен. Бiрiншiсi - бал, ал екiншiсi - у. Бул пiкiрдi таркатып айтар болсак ол былай болады: екi гашык дам-тузы жараскан, бiрiн-бiрi жан-журегiмен тусiнетiн, уйлесiмдi жуп болса, хак-тагала мына омiрде олардын жолын мангiге тогыстырган болса, махаббаттан таттi, одан аяулы сезiм жоктай корiнедi. Ал керiсiнше бiр-бiрiн омiрiнен артык багалайтын жандардын алды куз, арты жар болса, омiрде бiр болып, бакытты да, баянды гумыр кешудiн еш бiр шарасы болмаса гашыктардын оз омiрлерiн оз колдарымен киуына да себепшi бул - шынайы махаббат.
Дастарханнын шырайын ашатын женiл тагамдар жане оларды сандеу жолдары.
Қонақ қарсы алатын әйел адам дастархан даярлауда әрбір ұсақ-түйекке үлкен мән береді. Жайылған дастархан — біріншіден, отанасының қандай екенін білдірсе, екіншіден, қонаққа көрсетілген құрмет пен ілтипат.
Дастарханнын шырайын ашатын женiл тагамдар жане оларды сандеу жолдары.
Дастарханнын шырайын ашатын женiл тагамдар жане оларды сандеу жолдары.
Артык салмак сымбатынызга сыр бередi.
Бугiнде артык салмак бiреулер ушiн басты маселенiн бiрi болып саналады.Арнайы диеталар устанып,жумыстан бос уакыттарында фитнес клубтарга барып,арыктау ушiн ак тер кок тер болып жататындар да жок емес.Дегенмен мунын бiреуге комегi тигенмен, бiреулер ушiн асерi де байкалмауы мумкiн.Ол ушiн мына психологиялык жаттыгуларды орындап корiнiз.1. Озiнiздiн артык салмактан оп-онай арылатындыгынызга сенiмдi болыныз.
2.Казiргi салмагыныздын канша екенiн ойланыз.
3.Артык салмакты жогалткан сон кандай болатынынызды козiнiзге елестетiп корiнiз.
4.Канша салмак жогалту керек екенiн есептенiз.
5. Жогалтатын салмагынызды кагазга жазыныз.Мысалы кагазга "10 килограмм салмак"деп жазасыз.
6.Ендi сол салмакты шын манiнде жогалта бастаныз!Автобуста,кiтапханада,дукенде акшаны тусiрiп алгандай журген жерiнiзде алгi жазылган кагаздарды тусiрiп алып, жогалтып койыныз.
7.Бiрак салмак жогалту ушiн тек бул тасiлмен шектелiп калмай, онын ертерек жузеге асуы ушiн,таттi тагамдардан, баска да сiздiн семiруiнiзге себеп болатын нарселерден бас тартыныз!
Көктем – нәзік мезгіл.
Көктем – жаңарудың, түлеудің мезгілі. Егер мезгілдердің ішінен бірін таңдап алып, оны сұлулықтың, әдеміліктің, бекзадалықтың символикалық белгісі деп бағалайтын болсақ, ол – көктем! Сазгерлердің әніне, ақындардың жырына арқау болған, суретшілердің сүйрік те жүйрік қаламынан ғаламат пейзаж туғызған әсерлі көктем! Бұл мезгілде айналамен қоса, арулар да құлпыра, жайнай түседі. Қысқы ызғардан қысастық көрген хас сұлулар мен жас сұлулар бар, жалпы адамзат жеңіл киініп, маңдайын торлаған мұңнан арыла бастайды. Оған себепші жасыл мезгілдің нұрлы да шуақты, жайдары күндері...Сергелденге салатын махаббат сезiмi ай...
Шынайы махаббат сайрап жатқан даңғыл жол емес.Оның оқпаны мен ой-шұңқыры да жеткілікті,соны түсіне білсең ғана, мен өмір сүрдім, бақыттымын деп ауыз толтырып айтуға қақың бар. Махаббат- адам жүрегін нұрлы қуанышқа бөлеп, рухына қанат бітіретін ең күшті, ең тұрақты, ең асқақ сүйіспеншілік сезімі. Махаббат өмірдің мәні, жұпар шашқан гүлі, тамылжыған ән-жыры. Білімпаздар "Суйіп көрмеген,өмір сүріп көрмеген,"-десе осы заманның ақын философы " Ғашықтықпен өткен күндер ғана - өмір, ал қалғаны-жай күндер, "- деп нақтылай түседі. Махаббатпен адамның күллі тіршілігі байланысты.Ол адамның ішкі әлеміндегі рухани сезімдерінің көрінісі ретіндегі жан күйі. Барлық әдемі, сүйкімді, шарапатты, ұлы істерге, ерліктерге адамды сүйіспеншілік сезімдері жігерлендіріп дем береді.Адам біреуді сүйгендіктен, яки біреудің өзін сүйетінін сезгендіктен немесе біреудің сүйіспеншілігінен үміттенгендіктен, оның бойын күш-жігер кернеп, биік мақсаттарға ұмтылады, асқан қажырмен және өнерпаздық жойшылықта қолдан келмейтін үлкен істер тындырады.
Махаббат неден басталады? Ол достықтан, өзара түсінушіліктен, жалпы мақсаттардан, қызықтардан, ұмтылыстардан басталады. Ал махабаттан не басталады? Махабаттан барлыгы басталады: өмір, жұмыс, арман, өнер, батырлық. Өшпенділік, қызғаншақтық, күншілдік сияқты сезімдері махаббаттан басталады. Сөйтіп, махаббат – ең жақсы өмір жағы.Махаббат пен құрмет - адамдардың қарым-қатынасының басты ұстанымдары.Алайда махаббат сияқты сондай сезім жиі басқа сезімдер асып түседі. Мысалы: ашуы, қызғаныш, өшпенділік, сараңдық, ашкөздік. Алтынға махаббат бар, бірақ ата-аналарға жоқ,ақшаға махаббат бар, адамдарға – жоқ. Сәндік заттар махаббатқа адам мұқтаждығын қанағаттандыру алмайды. Адам неліктен өз тәні үшін ақшаны аямайды,әсем киім, қымбатты әшекейлер, дәмді тамақ. Алайда өз жаны, ішкі әлемі туралы адам өте жиі ұмытады. Өйткені егер онда тек қана бостық болса, адам өмірдің мәнін жоғалтады. Егер ағаш ішінде сасып кетсе, бос болса, онда оны жеңіл боран құлатады. Адам жанының бораны оны ішінде бұздыру алады. Сондықтан сүю мен сүйікті болу өте маңызды.
Отбасының берекесі - ана!!! Әйел әлемдi тербейдi..
Әр адам көзін ашып дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол – ана. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да – Ана. Әрқашан дұрыс, таза жүр, адал бол деп тілейтін де – Ана . Ана дегенде сөзге келмейтін тіл, лүпіл қақпайтын жүрек, мөлтілдемейтін жанар жоқ. Балаға анадан артық, анадан қымбат жан жоқ. Әрбір ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбидің жыламауын, сұм соғыстың болмауын, қызыл гүлдің солмауын тілейді. Біз қазақ деген қасиетті халықтың ұрпағымыз. Қыз Жібек пен Баян Сұлудың, Мәншүк пен Әлияның інілеріміз. Қазақ қыздарын әлемге әйгілі еткен бұлбұл әншілеріміз. Күлаш Байсейітованы, Роза Бағыланованы, атақты күйші Дина Нүрпейісованы, кинонын сәні Әмина Өмірзақованы, ақын қыздарымыз Фариза Оңғарсынова мен Ақұштап Бақтыгерейованы т.б. көптеген аналарымызды әрқашан үлгі тұтып мақтан етеміз.«Ат биеден туады, алып анадан туады» дейді халқымыз. Дүниеде анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел басқарған көсем де, күміс көмей әнші мен мың бұралған биші де анадан туып, соның көкірегінен нәр алып өскен. Ана – тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі.
Ана кашанда касыннан табылады гой шiркiн.Балам аман болсыншы ешкiмнен кем калмасыншы деп шыр-пыр болады да журедi.Аллага мын да бiр шукiр осы ата-анамыздын аркасында бой жетiп оз орнымызды тауып отырмыз.
Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана,
Келтірген дүниеге нелер дана.
Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ,
Өмірдің алтын кілті сонда ғана, -
дегендей көктем табиғатымен жымдасқан жылылық, шексіз мейірімділік, дүниеге жаңа келген тіршілік иесіне нұрын шашып, келешекке ақ жол, адал ниет нұсқап өмір себуші асқақ құдірет иесі, адам сәулетшісі – ол Ана.

Алемдегi миллионерлердi танимысыз?
Forbes әлемдегі ең жас миллиардерлердің тізімін жариялады. Сонымен, әлемдегі ең жас миллиардер 27 жасар Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберг. Басылымның мәлімдеуінше, оның байлығы 17,5 миллиард доллар. Екінші орында колумбия магнатының ұлы Алехандро Санто Доминго. Оның ақшасы 9 жарым млрд доллар. Үздік үштікті толықтырған азиялық 35 жасар Йошикацу Танака, оның ақшасы 4 миллиардтан астам.
Одан кейінгі орында 2,1 млрд. доллардың иесі Шон Паркер. Ол бұрын Facebook-тың президенті міндетін атқарған, ал қазір венчурлық инвестициямен айналысады.
Одан кейінгі орынды 30 жасар әйел-миллиардер Ян Хуэйянь алып отыр. Оған бай әкесі өлерінде 4,5 миллиард доллар қалдырып кеткен екен.
Бұл тізімге сондай-ақ, патша тұқымы да еніп отыр. Турн унд патша әулетінің мұрагері 28 жасар Таксис Альбер 1,5 млрд. доллардың иесі атанып отыр. Қазір ханзада Альбер бизнеспен емес, кәсіби жарыспен айналысады.
вторник, 16 апреля 2013 г.
Алматы-әсем қала!!!
вторник, 2 апреля 2013 г.
Тіліміз-байлығымыз!!!
Тіл - ұлт байлығы. Әр ұлт өз тілін қадірлейді, сыйлайды және болашаққа, келешек ұрпаққа аманат ретінде жеткізіп отырады. Тіл - ғасырлар бойы әр ұлттың ұрпақтан-ұрпаққа берілу арқылы жинақтаған бағасы жоқ мәдени байлығы. Біздің отанымыздың тілі – қазақ тілі.
Қазір қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық тілі. Ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілі – республикадан тыс елдерде тұрып жатқан қазақтардың тілі. Қазіргі таңда жер бетінде 13 миллионға жуық қазақтар өмір сүреді.
Қазақ тілі – батыс түркі тілінің қыпшақ тармағына жатады. Бұл тармаққа кіретін тілдер – қарақалпақ, ноғай, татар, башқұрт, қырғыз, қырым татары, қарайшай, балқар, құмық және тағы басқа тілдер. Қазақ тілі - өзіндік әдеби, ғылыми және саяси жазу нормасы қалыптасқан бай тіл. Қазақ тілінің тарихы әртүрлі тарихи кезеңдерді бастан кешкен қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты.

Халық тәуелсіздігінің ең басты белгісі - оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, кез-келген мемлекет өзінің аумақтық салт-дәстүрін, ана тілін ерекше қорғайды.
Ана тілін дамыту, қорғау дегеніміз – өз ана тілінде таза сөйлеу және оны жақсы біліп, туған анадай сүю.
Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнін, - деп С.Торайғыров ағамыз жырлап өткен.
Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек.
Тіл – қастерлі де, қасиетті ұғым. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Ана тілін сүйген адам – туған жерін, елін, Отанын, атамекенін сүйеді деген сөз. Ал, бұлардың бәрі – адам баласы үшін ең қасиетті ұғымдар. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер – ана тілі.
Қыз-өмірдің гүлі.
Қыз баланы құрметтеу, олардың алдында дөрекі сөйлемей, ізетті болу, ер-тұрманы әшекейленген сұлу жорғаларды қыздарына, қарындастарына мінгізу, киімнің әсем-сәндісін, әшекейлі бұйымдардың жақсысын қыздарына арнау-ежелгі дәстүр. Жиын-тойларда қыз баланы әр уақытта сыйлы орынға отырғызған. Жаңа келін болып түскен жеңгелері де қайын сіңлілерін атымен атамай «Еркежан», «Шырайлым» деп еркелеткен. Орта Азия мен Қазақстанда жалғыз келе жатқан қызды көрсе, оған қорғаныш болып, баратын жеріне дейін шығарып салатын болған. «Қыз өссе-елдің көркі, гүл өссе-жердің көркі» дегендей, қызғалдақтай болып өсіп, көктеп келе жатқан гүлдің мезгілсіз солып қалмауына қамқорлық жасаған. «Қызға қырық үйден тыю» деген мақал да осының айғағы. Міне, осындай тәрбиелік мәні зор дәстүрлерді атадан балаға мирас етіп қалдырып отырған.
Бастауыш сыныптар кезеңіндегі тәрбиенің мақсаты тазалыққа, ұқыптылыққа, жинақылыққа үйрете отырып, баланың көп білуге құштарлығын арттыру, кітап оқу мәдениетін дамыту.
Бесінші-сегізінші сыныптар арасында алғашқы кезеңдегі тәрбие түрлері ары қарай дамытыла түседі. Бұл тұста, жас ерекшелігіне қарай, қыз бала анасынан ешнәрсе бүкпейді. Қит еткен нәрсенің бәрін айтып келеді. Сол шыншылдығы мен ашықтығын пайдаланып, қыз баланың келешегіне ең керекті нәзіктік, ілтипаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, тұрақтылық сияқты мінездерді қалыптастыру-басты борыш. Сонда бұл сипаттар келешекте жарасымды жар, аяулы ана, қоғамымыздың белсенді мүшесі болатын қыз баланың бойынан әрқашан нұр болып төгіледі.

Подписаться на:
Комментарии (Atom)

000.jpg)

.jpg)
.jpg)